avangard-pressa.ru

Бекітiлуге жататын құжаттар тізбесі - Экономика

Нормативтік құқықтық актілер.
Актілер (тексеріс және тексеру, құрылысы аяқталған объектілер мен жабдықтарды қабылдап алу, есептен шығару, сарапқа салу, істерді, мөрлер мен мөртабандарды тапсыру, құжаттарды, істерді және қатаң есептілік бланкілерін жою, ұйымдарды тарату).
Баланстар (бухгалтерлік, тарататын, бөлетін, отындық, энергетикалық).
Ведомостар (еңбек ақы төлеу, тариптеу).
Графиктер (кезекшілік, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың орындалуы, объектілерді пайдалануға қосу, қысқы кезеңге дайындықтар).
Келісім шарттар (материалдық-техникалық жабдықтауға, жұмыс өндірісі туралы, үй-жайларды жалға алу туралы, жеткізімдер туралы, мердігерлік туралы, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы, халықаралық ынтымақтастық туралы, материалдық жауапкершілік туралы, шаруашылық).
Тапсырмалар (жоғары тұрған органдардың, техникалық, объектілерді, техникалық құрылысты жобалауға, күрделі құрылысқа, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуге).
Нұсқаулар (лауазымдық, лауазымдық міндеттерді бөлу жөніндегі, іс жүргізу жөніндегі, техникалық қауіпсіздік жөніндегі, жұмыстың технологиясы жөніндегі).
Лимиттер (лимиттік анықтамалар) - ұйым қызметінің барлық түрлерін қаржыландыру жөнінде.
Номенклатуралар (ұйым істерінің, лауазымдардың, өндірілген өнімнің, тауарлардың, көрсетілген қызметтің).
Нормативтер (шикізаттың, материалдардың, электрқуаты шығындарының, технологиялық жобалау, қызметкерлер санының).
Іс тізімдемелері.
Есептер (өндірістік қызмет туралы, ғылыми, іссапарлар туралы).
Паспорттар (ұйымдардың, ғимараттардың).
Тізбелер (қызметкерлер лауазымының, ұйымдардың, сақтау мерзімдері көрсетілген тұрпатты құжаттар, сақтау мерзімдері көрсетілген салалық, ведомстволық құжаттар).
Жұмыс жоспарлары (тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, келешек, стратегиялық, индикативтік).
Ережелер (ұйымдар туралы, құрылымдық бөлімшелер, лауазымды тұлғаның құқықтары мен міндеттері туралы, сыйлық беру туралы).
Ереже (ішкі еңбек тәртібі, пайдалану, жұмыс, технологиялық).
Баға және қызмет көрсетудің баға көрсеткілері.
Бағдарламалар (дамыту, стратегиялық, қысқа мерзімдік, өндірістік-техникалық, мақсаттық, жұмыстарды және шараларды өткізу, ғылыми, оқу).
Хаттамалар (комиссиялардың, кеңестердің).
Кестелер (оқудың, семинарлардың, емтихандардың, сынақтардың, көлік қозғалысының).
Штат кестесi және оған өзгерістер.
Штатты орналастыру және оған өзгерістер.
Есеп айырысулар (техника-экономикалық көрсеткіштердің, сметаға, техникалық нормативтердің, материалдарға және шикі заттарға қажеттілік, экономикалық тиімділіктің).
Баға (тауарға, қызмет көрсетуге, жұмыс өніміне).
Регламенттер (халықаралық кездесулер, ұйымның алқалы органдарының жұмыстары, есепке алу).
Ұсынымдар (әдістемелік, ғылыми-әдістемелік).
Шешімдер (комиссиялардың, кеңестердің).
Сеткілер (тарифтік-кәсіби біліктілік, оқу пәндері жөніндегі сағаттар).
Шығындар сметалары.
Тізімдер (ұйым қызметкерлерінің, аттестациялық және мамандық комиссиясының, титульдік, құрылыстар).
Тарифтік-мамандық ставкалары.
Құрылымдар (салалық, ведомстволық, ұйым).
Сұлбалар (көлік қозғалысы, ұйымдарды орналастыру, күзет орындарының орналасуы, техникалық, еңбек процестерінiң).
Кестелер (талдау, салық жинау, бюджетке аудару, тексеру және санақ, жоспарлық және есеп беру көрсеткіштері, өндіріс көрсеткіштері).
Тарифтер (көтерме, бөлшек сауда, сатып алу, тапсыру).
Талаптар (техникалық, әдістемелік, ғылыми-әдістемелік).
Нұсқаулар (әдістемелік, ғылыми-әдістемелік).
Шарт (техникалық, технологиялық, конкурстар).
Ұйымдар жарғысы.
Бірізге түсірілген құжаттардың нысандары.
Сипаттамалар (техника-экономикалық, техникалық, технологиялық).
Жоспарларға бақылау цифрлары.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы
басқарудың Тұрпатты ережелеріне
7-қосымша

Келісу парағы

Құжат жобасының түр атауы, мәтiнге тақырып

КЕЛIСIЛДI КЕЛIСIЛДI

Ұйым атауы көрсетiлген Ұйым атауы көрсетiлген
лауазым атауы лауазым атауы
___________ Қолтаңбаның ___________ Қолтаңбаның
(өз қолы) толық жазылуы (өз қолы) толық жазылуы
Уақыты Уақыты

Қазақстан Республикасы мемлекеттік
ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы
басқарудың Тұрпатты ережелеріне
8-қосымша