avangard-pressa.ru

Белгілі психологтар А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, П.Я. Гальперин еңбектеріне шолу. - Психология

Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – Кеңес Одағының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас» теориясының авторы ретінде белгілі психолог.Мәскеу университетінің қоғамдық ғылымдар бөлімін (1924) бітіріп, психология институтында және коммунистік тәрбиелеу Академиясында қызмет атқарған. Л.С.Выготскийдің ең жақын қызметтестерінің бірі болған. 1931-1935 жж. Харьковта жұмыс істеп, 1932 ж. профессор атағына ие болды. 1941 ж. Мәскеу университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы. 1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжірибені қалпына келтіру госпиталінде ғылыми жетекшілік қызметін атқарды. 1945-1950 жж. Ресейдегі ПҒА- ның Психология институтының балалар психологиясы бөлімін, 1945 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінің психология кафедрасын, 1963 ж. философия факультетінің бөлімін меңгерді. Сол университетте 1966 ж. оның ұйымдастыруымен психология факультеті ашылды.Қызмет жолы:1950 жылдан Ресейдің ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуындағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив- тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым. Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931), «Қимыл-қозғалысты қалыпқа келтіру» (1945), «Психика дамуының очеркі» (1947), «Іс-әрекет, сана, тұлға» (1975) т.б.А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол — іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .

Лурия Александр Романович (1902-1977) – медиц.ғ.д., психол.ғ.д.,

КСРО Педагогикалық академияның толық мүшесі, әлемдік нейропсихологияның негізін салушылардың бірі. Л.С.Выготскийдің аса көрнекті серігі. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары тарихи-мәдени теорияның қоғам тыныс-тіршілігінен қалайша көрініс беретінін байқау үшін ғылыми экспедицияны басқарып Өзбекстан мен Қырғызстан дихандары арасына барып, зерттеу жүргізген. Мұның нәтижелері «Таным процестерінің тарихи дамуы туралы» (М., 1974) атты жеке кітап болып жарық көрді. Оның Ұлы Отан соғысы кезінде басталған зерттеулері жоғары психикалық функциялардың ми алқаптарындағы локализациясы (орналасуы), мидың зақымдануын қалпына келтіру мәселелерімен ойдағыдай ұштасты, нейро-психологиялық концепцияны жасауға алып келді. Ол әлемдік психология ғылымында нейро-психологиялық диагностикасы мен әдістемесін, дефектологиялық психологияның іргетасын қалады. Өмірінің соңғы жылдарында еске тұтудың нейропсихологиясы мен нейролингвистиканың мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оның көптеген шәкірттері (Хомская, Цветкова т.б.) нейропсихология мен нейрофизиологиядағы әлемге әйгілі Лурия мектебін дамытып келеді. Оның еңбектері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Негізгі еңбектері: «Речь и интеллект в развитии ребенка» (1927), «Травматическая афазия» (1945), «Восстановление функции мозга после военной травмы» (М.,1948), «Высшее корковые функции человека» (МС.,1962), «Мозг человека и психические процессы»(М.,1963), «Основы нейропсихологии» (М.,1973) и др. . Нейролингвистика (грек, neuron жүйке, французша linguistique лингвистика, латынша lingua тіл) — неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан — фонация (дауыстап айту), аудиция (қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. КСРО-да Н. дамуы Л. С. Выгодскийдін психологиялык кон- цепциясына сүйенген А. Р. Лурия енбектерінде көрсетілген. Нейролингвистикалық зерттеулер неврология мен тіл білімі теориясының дамуымен бірге дамыды. Нейролингвистика емдеу орындарында диагностикалык міндеттерді шешу кажеттілігінен туған. Мұндағы негізгі әдіс — әр түрлі жағдайда науқастың қалай сөйлейтінін байқау. 20 ғасыр 2-жартысында нейролингвистика зерттеуге психолингвистика, нейропсихология, нейрофизиология, психоакустика, кибернетика т.б. ғылым салалары ықпалын тигізеді. Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.[1]

Гальперин Пётр Яковлевич (1902-1988) - психолог,Ресей Федерациясы ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1980). Пед.ғ.д-ры (1965), проф. (1966). Ақыл-ой әрекеттерін саты-сатымен қалыптастыру теориясын ұсынды, Гальперин пікірінше, ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру процесі 5 сатыдан өтеді.[1]Гальперин П.Я. (1902-1988) -Харьковтағы психологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой әрекетін жоспарлап қалыптастыру деген айрықша теорияның және психология пәнінің мәселесін диалектикалық-материалистік рухта шешуде субъект іс-әрекетінің бағдарлылығы ілімінің авторы. Гальперин теориясы педагогикалық психологияда, ересектерді оқыту психологиясында, педагогикалық төмендеп кеткен балаларды, интеллектің дамуын психодиагностикалауда кең өрісті қолданылады. Ұлы Отан соғысы жылдарында Гальперин іс-әрекеттік қатынас идеясын басшылыққа ала жараланғандардың қимыл-қозғалысын қайта қалпына келтірумен айналысқан. Гальпериннің біраз еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер, психология тарихы т.б. сол сияқты бағыттарға арналған. Негізгі еңбектері: "Әрекеттің ақыл-ойлығы және ғылым пәні" (1974), "Психологияға кіріспе" (1976), т.б.[2]

Билет

1.Интеллектуалды қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тесті (IQ түсінігі). Айзенк Ганс Юрген (1916-1997)-британ психологы. Психологиядағы

биологиялық бағыттың көшбасшыларының бірі. Интеллект тестінің аворы.

Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері.Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден тұрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі-арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орындалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізіледі. Бұл кітапта вербалдық және математикалық субтестері берілген.

Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.
Мақсаты:жасөспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жүрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.Субтесте бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген. Қабілекттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дү-рыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі. Олардың ережесі: «Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандайда бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. Уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады».Нәтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.

IQ – интеллект дамудың сандық көрсеткіші. Англиялық психолог Г. Айзенктің интеллект түрлері кеңінен танымал. Олар: «биологиялық – (негізінде мидің құрылымы мен орындалуы бар) оларсыз ешқандай таным процестері орындалуы мүмкін емес; «психометриялық» – IQ ақыл–ой дарындылығы көрсеткішінің коэфициентін құрайды жəне көбіне тəрбие мен білім беруден тəуелді; «əлеуметтік» – ақпаратты сынай отырып 124 өңдеу, стратегияны өндіру болып табылады. Г. Айзенк бойынша, интеллекттің бұл түрлері өзара байланысты