avangard-pressa.ru

Белгілеулер және қысқартулар - Экономика

Мазмұны

Анатация...........................................................................................................

Мөлшерлік.....................................................................................................

Сілтемелер.....................................................................................................

Анықтамалар...................................................................................................

Белгілеулер және қысқартулар.....................................................................

Кіріспе...........................................................................................................

1.Үймереттің жұмыс көлемдерін анықтау...................................................

2.Еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау.......................

3.Үймеретті тұрғызу бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік

жоспарын құрастыру..................................................................................

4.Үймереттің жұмыс өндірісінің технологиялық картасын жасау.......

5.Жұмыс өндірісі ұшін машиналар және механизмдерді таңдау...............

6.Жұмыстың сапасын және қабылдау талаптары.......................................

7.Материалды-техникалық қорлардың қажеттілігін анықтау......................

8.Техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар...............................................

9.Әдебиеттер тізімі........................................................................................

10.Қорытынды................................................................................................

Аннотация

Курстық ж9мыс 5В072900 – «Құрылыс» мамандығынын Жалпыға білім беру стандартына сүйене отырып жасалған оқу бағдарламасына сай жасалған.

Курстық жұмыс түсініктеме жазбасына үйлер мен ғимараттардың жобаланатын ауданына байланысты бастапқы берілген мәліметерге, конструктивтік және жобалық шешімдерге байланысты, Үймереттің жұмыс көлемдерін анықтау, еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау, сонымен қатар жұмыс өндірісінің технологиялық картасын жасау қарастырылады.

Курстық жобанын сызба бөлімі ,күнтізбек жоспар, жұмыс өндірісінің бір түріне технологиялық карта жасау, қималар және т.б. тұрады.

Курстық жобанын түсініктеме жазбасы А-4 форматты 15-20 беттен, ал графикалық-сызба бөлімі А-1 форматты және касымшалардан тұрады.

Мөлшерлік сілтемелер

Курстык жобасында келесі мөлшерлік құжаттарға сілтемелер жасалынған:

1. СНиП РК 2.02-05-2002 «Пожарная безопасность зданий и сооружений». Астана, 2002;

2. СНиП РК 2\04-05-2002* «Естественное и искусственное освещение». Астана, 2002;

3. СНиП РК 1.03-05-2001 «Охрана труда и техника безопасности в строительстве». Астана, 2002;

4. СНиП РК 2.03-01-84 «Бетонные и железобетонные конструкции». Москва, 1985;

5. ЕНиР§4-1-1 «Установка фундаментных блоков »;

6. ЕНиР§4-1-4 «Установка колонн »;

7. ЕНиР§4-1-6 «Монтаж балок »;

8. ЕНиР§4-1-7 «Монтаж плит покрытий и перекрытий»;

9. ЕНиР§4-1-8 «Установка стеновых панелей»;

10. ЕНиР§4-1-25 «Заделка стыков колонн с фундаментами »;

11. ЕНиР§5-1-15 «Установка оконных переплетов »;

12. ЕНиР§4-1-26 «Заливка швов плит покрытий и перекрытий»;

13. ЕНиР§4-1-26 «Заливка швов стеновых панелей»;

14. ЕНиР§4-2-13 «Установка подкрановых балок»;

15,Е0109-32-1 «Монтаж рам коробчатого сечения, рама ворот»;

16. ЕНиР§22-1-1 «Электросварка стыков стеновых панелей»;

17. ЕНиР§4-1-27 «Герметизация швов стеновых панелей».

Анықтамалар

Өндіріс - уақыт бірлігіндегі (сағат, смен, апта, ай және т.с.с.) шығарылған құрылыс өнімінің мөлшері.

Еңбек сыйымдылығы – адам-сағат, адам-күнмен көрсетілген жоғары сапалы өнім бірлігін шығаруға жұмыс уақытының шығыны. Еңбек сиымдылығы еңбек өнімділігін және жобалық шешімдердің технологиялылығын бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнім бірлігіне жұмсалатын жұмыс уақыты неғұрлым аз болса, еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары және жобалық шешімнің технологиялығы толық жетілген болады.

Уақыт мөлшері – тиісті кәсібі және дәрежесі бар жұмысшының жоғары сапалы өнім бірлігін шығару үшін керекті жұмыс уақытының саны, ол адам-сағатпен белгіленеді.

Мерзімді еңбекақы төлеу – разрядқа сәйкес тариф ақысы бойынша нақты еңбек сіңірілген уақытқа төлуді ескереді. Әдетте жалақының осы түрі еңбекті тура мөлшерлеуге және есепке алуға келмейтін жұмысшылыр үшін қолданылады.

Кесімді еңбекақы төлеу – жоғары сапалы өнімнің бірлігіне бағалар бойынша нақты орындалған жұмыс көлеміне төлеуді ескереді. Төлеудің осы түрі ең үдемелі, өйткені ол еңбек өнімділігін көтеруді қамтамассыз етеді және жұмысшылардың разрядын жоғарылатуға ынталандырады.

Звено жұмысшылар тобынан тұрады (2-5 адам), оның құрамы мен саны орындайтын операцияның күрделілігін еске алып және оны орындағанда еңбекті ұтымды ұйымдастырумен анықталады.

Бригада звенодан неғұрлым көп жұмысшылардан немесе бірнеше звенолардан тұрады. Бригаданың санын және дәрежелік құрамын жұмыс көлеміне және процестердің күрделілігіне байланысты белгілейді.

Кешенді механикаландыру, бұл құрылыс-жинақтау жұмысының әдісі, осы әдіспен барлық негізгі және қосалқы, ауыр және еңбекті көп қажет ететін процестер жұмысқа қойылған қарқынын және үйлесімді техника-экономикалық көрсеткіштерін қамтамассыз ететін технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара байланысқан машина немесе машиналар жинағымен орындалады.

Құрылыс сапасы дегеніміз тұрғызылған үймереттер мен ғимараттар және олардың бөлшектері жобалық шешімдер мен мөлшерлерге сәйкестігі.

Құрылыста еңбекті қорғау – еңбекті жеңілдететін және оның өнімділігін көтеруге мүикіндік туғызатын қауіпсіз және сау жағдайлар жасауға бағытталған өзара байланысқан заң шығару, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, тазалық және ұйымдастыру шараларының жүйесі.

Белгілеулер және қысқартулар

mэ – ең ауыр элементтің массасы;

mт – такелажды қондырғылар массасы;

h0 – алдын-ала жинақталып қойылған конструкциялар биіктігі;

hэ – көтерілетін элементтің биіктігі;

h3 – артық биіктік;

hс – строптау биіктігі;

hn – полипастаның биіктігі;

hм – кран тұрағы деңгейінен оның жебесінің бұрылу осіне дейінгі ара қашықтық (1,5м);

в – жинақталатын элементпен жебенің арасындағы минимальді ашық жер(1,0м);

в1 – кранның орталық тартылысынан жақындатылған жебесінен элементке дейінгі ара қашықтық (1,5м);

в2 – жоғарғы жинақталатын элементтің деңгейіндегі жебенің жарты қалыңдығы;

Смаш-см – крандардың маш-см құны;

Тмаш-см – жинақтаудың ұзақтық мерзімі;

Сед3 – жинақтауға, бұзуға, тасымалдауға, жол жасауға кететін бірлік уақыт шығынының құны;

3n – жинақтаушылардың жалақысының қосындысы;

Тмех – краншылардың еңбек шығыны адам ·сағ.;

Труч – сол сияқты жинақтаушылардың, сағ адам ·.;

Тпут – сол сияқты кранды ажыратуға, орнатуға және техникалық қызмет етуге, адам ·сағ.;

Тэк – кранды эксплуатацияға және техникалық қызметтеуге кететін шығын;

Тпер – кранды алаңға әкелу, жинақтау демонтаждау және қосымша қондырғыларды орнатуға кететін шығын;

Пр монт – конструкцияны жинақтау ұзақтығы;смен

Пр всп – кранды жинақтау және демонтаждау ұзақтығы;

Иитж – инженер-техникалық жұмысшылар саны;

Nжұм – күнтізбек жоспардан алынатын жұмысшылар саны (жұмысшылар қозғалысының графигін);

Nқыз – қызметкерлер саны;

Nққ – кіші қызметкерлер мен қарауылдар саны;

К – жұмысшылардың ауырып қалуына байланысты коэффициент;

Q - құрылысқа қажетті материалдардың жалпы саны;

Т – есептік кезеңнің ұзақтығы, күнтізбек кестеден қабылданады;

α - қоймаға түсетін материалдардың бір қалыпты түспеуі коэффициенті α=1,1;

n – материалдардың артық мөлшері;

k – материалдардың бір қалыпты қолданбау коэффициенті.

Кіріспе

2015 жылғы 30 қараша Елбасы «Қазақстан Республикасын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі 2020 дейін жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол,100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылыс саласы өсіп келуде. Қазақстан Республикасы Үкіметі жасаған 2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламасының алған бағыты төмендегідей: экономиканың тұрақты және үйлестірілген өсімін оның бәсекеге қабілетін арттыру және диверсификаттау арқылы қамтамасыз ету; экономиканың инвестициялық секторларының әлеуметтік тиімділігін арттыру және инвестициялық негізгі жобаларды іске асару, индустрияландыруға жайлы орта құру, экономикалық әлеуеттің рационалды аумақтық ұйымы негізінде экономикалық өсу орталығын қалыптастыру, экономиканың әлеуетті секторларын дамыту үдерісіндегі мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Курстық жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі қоғамдық ғимаратының құрылысының барлық халықаралық сапа стандарттарына сай жасау және де халықтыты қолжетімді тұрғын үймен қамтымасыз ету болып табылады. Бұл ғимараттың артықшылығы қауіпсіз және барлық жағдайлары жасалған. Ғимаратты тұрғызу кезінде сертификатты құрылғылар және экологиялық зиянсыз материалдар мен конструкциялар қолданылған.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы жобаланатын ғимаратының орташа өлшемде және оны тік бұрышты жобалау түрін қарастырылды. Құрастыру әдісін таңдамас бұрын көлемдік-жоспарлық шешімдерге талдау жасалады, үймерет үлгісінің статикалық жұмысы терең анықталады. Құрамалы құралым элементтерін жобаға сәйкес орнату үшін құрастырушы крандарын талапқа сай ор­наластыру алдын ала қарастырылады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығытоғыз қабатты және халықтықа қол жетімді тұрғын үймен қамтымасыз ету қазіргі таңда еліміздің негізгі стратегиясы болып табылады. Қазіргі таңда елімізде 3-ші мегаполюсті кала бар,сондықтан салынатын ғимараттар мен имараттар барлық дүниежүзлік стандартқа сай қаланың бас сәулетіне көрік беру тиіс және санитарлы-гигиеналық талаптарына сай жасауды талап етеді

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау.Көпқабатты қоғамдық үймереттер белглі бір технологиялық жүйемен салынады, бұл жүйе технологиялық жабдықтарды күні бұрын құрастыруды қамтамасыз ету ушін салынатын объектілердің көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдеріне және орналастрылатын сауда орындарын пайдалануға берудің кезегіне қарай белгіленеді.

Үймереттердің жер үсті бөлігін салу кезінде қаңқаны тұрғызу жұмыстары жетекші процесс болып табылады. Құрастыру жұмыстарын тиімді жүргізудің бірден-бір жолы – бұл жұмысты басқа да құрылыс процестерімен байланыстыра жүргізу (шатырды жабу, электр және санитарлық-техникалық жұмыстарды жүргізу, технологиялық жабдықтарды құрастыру; еден және әрлеу жұмыстарын жүргізу).

Құралым бөлшектерін құрастыру орнына жеткізіп тұруға байланысты құрастыру орнында элементтерді алдын ала орналастырудың әртүрлі әдістері құрастырушы краны жұмыс істейтін аймақта және жылжымалы тасымал құралдардан құрастыру тәсілдері белгіленіп, тағайындалады.

Курстық жұмыстың басты мақсаты және міндетіқалала аумағында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, қала құрылысы бағдарламалары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында олардың сәулеттік келбетін жақсарту, сонымен қатар қалалар мен аудандардың бас жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастыру және қолданыстағы бас жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіру, қалалар мен аудандардың облыстық және базалық деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру мен жүргізу болып табылады.

Курстық жобаның басты міндеті жобаланатын ғимараттың келесі тәртіпте орындау ретімен жасалу керек: сауда қатарының қажеттілігі және экономикалық тиімділігін анықтау; құрылыс ұйымына жоба жасауға тапсырма беру; жергілікті жерді іздену жұмыстары; негізгі жоба жасау жұмысы және жасалынған жобаны сараптамадан өткізу.

Зерттелу объектісінің теориялық және әдістемелік негіздері – құрастыру пpoцeciн тиімді ұйымдастырудың негізгі принципі болып табылады, үймереттерді құрастырудың тасқынды әдісі кешенді құрастыру процесін бөлшектеп жіберу негізінде және жекелеген құрастыру звенолары мен механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала қалыптасқан жағдайға орай белгілі бір уақыт ішінде механизмдермен белгілі бip жұмыс мөлшері орындалады, түрлі құрас­тыру және жалпы құрылыс жұмыстары біріктіріліп атқарылады.

Құрамалы құралымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құра­малы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналасуына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылап, курстық жұмыстағы көп қабатты тұрғын үй ғимараты құрылысының жобасын жасап, бөлек конструкцияларын еспетеп–жобалап, құрылыс құныны анықтап және онының жинақтау жұмыстарын курстық жұмыста көрсетеміз.